KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
517.84 543.11 5.28

Көкпектіде жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

4.10.2019, 11:42 90

Облыс орталығында Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаиловтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Жиын барысында ауданда атқарылып жатқан істер туралы айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша биыл 591 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 100 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 162 адам тартылды. «Еңбек» бағдарламасының аясында 106 адам «Бастау бизнес» жобасымен, ал 113 адам «Жас кәсіпкер» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқыды.

Жаңа форматтағы атаулы көмек 619 отбасына, яғни 2913 адамға тағайындалды. Шамамен, 213,5 миллион теңге сомасында.

«Бақытта отбасы» бағдарламасы аясында «Парыз» қорының қаржы бөлуімен ауданда 34 көпбалалы аз қамтылған отбасы пәтерге ие болды.

Аудандағы 37 жалпы білім беретін мектептің 30-ында оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылды. Барлығы аз қамтылған отбасынан шыққан 842 бала.

Аудан орталығында 8 шақырым болатын 10 көше, «Тассай – Үшкөмей», «Бастаушы – Қараөткел», «Үлкенбөкен – Ақой», «Биғаш – Егінбұлақ» аралығы мен Шәріптоғай, Қойтас ауылдарына кіреберіс жолдар орташа жөнделді, яғни тегістелді.

Өткен жылы ауданның шаруа қожалықтарына 52 техника сатып алынды. Атап айтқанда, «Теректі» шаруа қожалығы Ресейден 25 миллионға жаңбырлатқыш суару жүйесін алып келді. Бұл – дақылдардың шығымын арттыруға тікелей әсер етті.

Өнеркәсіп саласында, қаңтар-тамыз айлары бойынша, өнім көлемі 1 миллиард 817 миллион теңгені құрады. Нақты көлем индексі 5,5 есе артты.

Шалғайдағы шағын ауылдарға да көптеп көңіл бөлінуде. Егінбұлақ, Үлгілімалшы, Үлкенбөкен, Палатцы ауылдарының клубы, Толағай ауылының медициналық пункті жөнделді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу