KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Шемонаихадағы құбырдың құрлысы неге тоқтап тұр?

28.09.2019, 09:27 118

Осыдан екі жыл бұрын Красная Шемонайха ауылына «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша таза ауызсу тартыла бастап, тұрғындар қатты қуанған еді. Өйткені өткен ғасырдың 60 жылдары салынған құбырлардың тозығы әбден жетіп, апаттар жиі болатын. Алайда 70 пайызы орындалған жұмыс, әзірге тоқтап тұр.

Су құбырының жобалық-сметалық құжаттары 2016 жылы жасалып, үш жылға мемлекеттік сараптама алынған болатын. Алайда бюджеттен сұралған қаржы 2016 жылы емес, бір жыл кейін бөлінгендіктен биыл сараптама мерзімінің уақыты аяқталып,  мердігер компания жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осы күнге дейін бюджеттен бөлінген 262 миллион теңгеге 12 шақырым құбыр тартылып,су мұнарасы мен екі ұңғыма қазылды. Яғни жұмыстың 70%-ы атқарылды.

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдахановтың айтуынша,  қазіргі күні жобалық-сметалық құжаттар қайта жасалып, сараптамадан өтуде. Жұмысты аяқтауға қосымша қаржы бөлінетін болады. Осы жолы  бұрынғы құжатта кеткен олқылықтар ескеріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив