KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Долон ауылына таза ауызсу келді - ШҚО

21.12.2021, 15:34 176

Өткен айда Бесқарай ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы Долон ауылына іссапармен барып қайтқан болатын. Қараша айында ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Осыған орай аудан әкімі жұмыс барысын көріп, мердігерлерге нысанды сапалы аяқтау бойынша тиісті нұсқаулар берді.

- Долон ауылына таза ауызсу құбырын тарту жұмыстары екі жылға созылып, қараша айында толығымен аяқталды. Оған облыстық бюджеттен жалпы құны 480 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын "ҚазПровСтройХолдинг" мердігер компаниясы мен SK Qazyna ЖШС бөлек-бөлек жүргізді. Бірінші компаниямен 445 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, артынан ол бұзылды. Артынша 35 миллион теңгеге SK Qazyna ЖШС жұмысты аяқтап берді, - деді Бесқарағай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сұңғат Болатбекұлы.

"Таза су" бағдарламасы аясында Бөдене ауылына да су құбырларын тарту жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда ауылда су құбырларын қазумен 2 жер қазатын техника айналысып жатыр. Жоспар бойынша аталмыш жоба ағымдағы жылы бастау алып, 2022 жылы аяқталуы қажет.

Сұңғат Болатбекұлының айтуынша, Бөдене ауылына су жүргізу 2022 жылдың күзінде аяқталуы тиіс. Оған облыстық қазынадан 179 миллион теңге бөлініп отыр.

Бесқарағай ауданының әкімі су тарту жұмыстары бойынша мердігер компанияға тиісті тапсырмалар берді.

- Ауылдарды аралау кезінде Бөдене ауылдық орта мектебінің 3-ші қабатындағы жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысып, білім бөлімінің басшысына нысанды аяқтауға тиіс мердігерлермен кездесу ұйымдастырып, келісімшартқа сәйкес межелі уақытта аяқтауды тапсырдым, - дейді аудан әкімі Жарқынбек Борашұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу