Қазақстанда «Махаббат батл» онлайн-конкурсы өтеді
Қазақстанда «Махаббат батл» онлайн-конкурсы өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш конкурсқа ерлі-зайыптылар мен отбасы құруға ниетті жұптар қатыса алады. Байқау шарты оп-оңай, ол үшін жұптар бір күндік өмірлері баяндалатын әзіл-сықақ бейнежазбасын әзірлеуі қажет. Өтінімдер 3-ші қазанға дейін қабылданады.
Қиялға еркіндік беріледі. Бейнежазба дайын болған соң әлеуметтік желіге жүктеп, #onege2019 #mahabbat_+ хэштегтері арқылы бөлісу қажет. Айтпақшы, бейнероликтің астына өз өңіріңіздің нөмірін көрсетуді ұмытпаңыз. Мәселен Шығыс Қазақстан облысы үшін #mahabbat_16 деп жүктейсіз.
Онлайн-конкурс жеңімпаздары ағымдағы жылдың 4-ші қазанында тікелей эфирде «Отбасылық Академия» ҚҚ ресми беттерінде анықталатын болады. (@onege). Ең үздік бейнеролик үшін тұрмыстық-техника дүкеніне арналған 100 000 теңгелік сертификат беріледі.