KZ
Өскемен
-18°
небольшой снег жел 3 м/с, З
520.91 544.25 5.29

Бүгін өскемендіктер қала күнін атап өтеді

14.09.2019, 03:56 97

Бүгін өскемендіктер қала күнін атап өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен – Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптің орталығы, мәдениеттің ошағы, береке-бірліктің қара шаңырағы. Шығыстың бас шаһары Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 320,2 мың адам.

14 қыркүйек күні Шығыстың бас шаһарының құрметіне арналған концерт, фестиваль және шоу-бағдарлалар легі толастамайды. Мерекелік шаралардың тізбегін бұған дейін жазғанбыз. Сондай-ақ бұл күні ерекше бал фестивалінің өтетіндігі туралы да оқырмандарға құлаққағыс еттік. Ал көлігі бар көпшілік қауымның қала күнінде қандай көшелердің жабық болатынын біле жүргені абзал.
  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу