Өскеменде жеті адамды өрттен құтқарған жігіт марапатталды
Өскеменде жеті адамды өрттен құтқарған жігіт марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын нақтырақ айтсақ, 9-шы қыркүйек күні Үлбі ауданындағы үйлердің бірінде өрт шыққанын жазған едік. Абырой болғанда 27 жастағы Айбек есімді жігіт үйдегі жеті адамның жанын аман алып қалды.
11-ші қыркүйекте Айбек Абдрахманов қала әкімі Жақсылық Омардың қабылдауында болды. Батыр жігіт алғыс хатпен марапатталып сый-сияпат алды.
– Айбек нағыз азаматқа сай іс жасады. Бүгін Өскеменнің өренімен жолықтым. Осындай батыл қадамдарымен қоғамға үлгі болып жүре берсін, – деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.