"Куәлігінен айырылды" – Өскеменде мас жүргізуші мүсінге соғылды
Өскеменде алкагольді сусын ішкен жас жүргізуші бәйтеректің маңайындағы мүсіндердің біріне соғылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
1997 жылғы жігіт мас күйі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, бәйтеректің маңайындағы мүсіндердің біреуіне соғылды. Оқиға 8 қыркүйек күні таңғы сағат 4:30 шамасында болған.
Қалалық полиция бөлімінің ақпаратына сенсек, жігіт жүргізушілік куәлігінен айырылды.
Оқи отырыңыз