Жол нашар, автобус қатынамайды – Абыралы-Семей
Абыралы өңірінен Семейге автобус қатынамайды. Сондай-ақ екі ортаның жолы нашар. Бұл мәселені облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясында депутат Марат Құрманбай көтерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Абыралы бұрын жеке аудан боған, қазір Семейге қарайды. Бұрынғы ауданның бас-аяғының өзі 300 шақырымдай. Ал енді ол жақтың халқы орталыққа, Семейге жете алмай, нашар жол мен автобустың зарын тартып отыр. Осы бағытта жедел түрде автобус маршруттарын ашу керек деп ойлаймыз, – деді халық қалаулысы.
Жиынға қатысып отырған облыс әкімі Даниал Ахметов депутаттың өзекті мәселе көтеріп отырғанын айтып, тиісті маманға аталған істі қарастыруды тапсырды.