KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

Марқакөлдің балығын сатуға тыйым салынуы мүмкін

10.09.2019, 05:09 130

Қазақстанда «ускуч» балығын сатуға заңнамалық деңгейде тыйым салынатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Мұндағы басты мақсат, Марқакөлдегі браконьерлікті тоқтатуға бағытталып отыр. Бұл туралы ҚР-ның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

– Бұл мәселе екі аспектіден тұрады: біріншісі – заңсыз аулау яғни браконьерлік болса, екіншісі – суқұзғын (баклан).  Жергілікті тұрғындарға балық аулауға рұқсат етілген. Бірақ оның да бір өз лимиті бар. Соңғы уақыттарда балықты сату фактілері тіркелді. Бұған тосқауыл қоймаса болмайды. Осыған байланысты заңнамаға біраз өзгерістер енгізу қажет, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Марқакөлді басты назарға алуды тапсырған министр су құзғындарының саны биологиялық негіздемеге байланысты реттелуі тиіс деді. Ол үшін заңнаманы өзгертіп, құсқа да балыққа да зиян тигізбей мәселені шешу керектігін айтты.

Айта кететін жайт, шілде айында мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққорғау органдарына Марқакөлдегі браконьерлікпен күресуді тапсырған болатын.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу