Huawei басшылығы АҚШ қысымына қалай төтеп беретінін айтты
Әлемнің әр түкпірінде 190 мыңдай жұмысшысы бар Huawei компаниясының басшысы кейбір пайдасыз лауазымды қызметкерлерін қысқартып, өз жұмысына реформа жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биыл компания басшысы өнімдерін шығару мен жеткізуге мол қаржы құйып, өздеріне қарсы күштермен күресуге бел шешіп отыр. Тіпті, «Соғыс жағдайына көшеміз. Жұмыс істей алмағандар шетке шығып, танкіміздің жолын босатсын» деп те айтып қалды компанияның құрушысы Ren Zhengfei бір сөзінде.
– Алдағы 3-4 жылда компаниямыздың тамырына қан жүгіртетін жаңа буын келеді. Қазіргі қиыншылықты, кейбіреулердің ауыр сынын – бәрін артқа тастап, жаңа белеске көтерілеміз. Алты құрлықтың аспанында әлемге биіктен көз тастап, еркін самғайтын боламыз, – деп жігерліндірді ол өзінің қызметкерлерін.
Естеріңізде болса, мамыр айында АҚШ-тың Сауда министрлігі Huawei-ді, оның құрамдас мекемелерін және компанияға қатысты заңды тұлғаларды «қара тізімге» алып, өнеркәсіптік сервисін америкалық фирманың құрамына сатып алмақ болған еді. Алайда ол мүмкін болмады. Жуықта сауда минситрі Уилбур Росс Huawei-мен арадағы байланысты 90 күнге ұзартқанын Fox Business телеарнасына берген сұхбатында ашық айтты.