KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

"Әлихан аман-есен табылады..." Баланы іздеуге еріктілер қажет болып жатыр

19.08.2019, 04:37 180

Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында жоғалып кеткен  балақай әлі күнге табылмады. Екі тәулікке жуық уақыт өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бастапқыда айтқанымыздай, құзіретті органдар, еріктілер, ауыл тұрғындары бар – ұзын саны 500-ге жуық адам 2017 жылы туған кішкентай Әлиханды жан ұшыра іздеп жатыр. Маңайдағы ескі құрылыстарды, шұңқырлар мен жертөлелерді, өзен арналары мен сай-саланы тегіс сүзіп шықты. Алайда әлі күнге бір белгі жоқ. Ал балақайдың ата-анасы Раджан мен Назира көпшілікпен бірге үміт үзбейді.

– Бармаған жеріміз жоқ. Балгер апамыз, «Әлихан аман-есен табылады, ол тірі, әлдебір жертөле немесе шұңқырға құлап кеткен» дейді. Көрші-қолаңның жертөлесін түгел қарадық. Құтқарушылар мен еріктілер өзен арнасы сүзіп шықты. Бірақ нәтиже жоқ, – дейді Раджан.

Іздестіру жұмыстары, әлбетте, қарқынын бәсеңдетпейді. Алайда демалыс күндерін пайдаланып, көмекке келген 50 шақты ерікті жастың көпшілігі жұмыс күні басталғандықтан кетуге мәжбүр болды. Сол себепті көмек қолын созатын жастардың ауадай қажет екенін хабарлаймыз.   

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу