KZ
Өскемен
-4°
пасмурно Штиль
495.95 524.37 4.98

Алтай ауданында бір жастағы бала жоғалып кетті

18.08.2019, 05:24 147

Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында кішкентай бала жоғалып кетті. Небары бір жастан асқан балақай кеше таңертеңнен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлихан есімді балақай  өз үйінің ауласында жүріп, жоғалып кеткен екен. Қазіргі уақытта Алтай ауданының Среднигорное ауылында құтқарушылар тобы, полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын тынбай жүргізіп жатыр.

Нақтылап айта кетейік, балақайды іздеуге аудандық полиция бөлімінің 57 қызметкері, полиция департаментінен 9 адам, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 8 адамы, Өскемен қаласынан келген 7 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, жергілікті атқарушы органның 120 қызметкері, орман шаруашылығының 13 қызметкері, сондай-ақ 50 ерікті жас жұмыла кірісті.

Полицейлер ауыл тұрғындарынан сұрауда. Құтқарушылар жақын маңдағы ескі құрылыстарды, шұңқырлар мен жертөлелерді, сондай-ақ балақай тұрған үйден 20 метр қашықтықта орналасқан өзен арнасын тексерді. Өкінішке орай, әзірге ешқандай дерек жоқ.

ШҚО ТЖД қандай да бір ақпарат білген адамдардың «112» немесе «102» телефондары арқылы дереу хабарлауын сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу