KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Күршімде "Тамашаның тарланын" еске алу кеші өтті

1.08.2019, 10:34 154

Күршім ауданы Қ.Тұрар атындағы мәдениет үйінде «Тамашаның тарланы» Уәйіс Сұлтанғазинді еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл Жарасқан Әбдірашев, Мейірман Нұрекенов, Тоқсын Құлыбек, Лұқпан Есенов, Құдайберген Сұлтанбаевтармен бірге «Тамашаның тарланы» атанған көрнекті театр және кино актері, республикаға әйгілі өнер ардагері, ҚР еңбек сіңірген артисі, мәдениет қайраткері Уәйіс Сұлтанғазиннің туғанына жетпіс жыл. Атаулы күнге орай марқұмның достары, туыстары, ұрпақтары туған жерінде ас беріп, еске алу кешін өткізді. Кеш атауы – «Ұмытылмас асыл бейнең».

– Кешке марқұм Уәйіс ағамен драма театрында бірге қызмет істеген әріптесі М.Рахымқызы, Бүгінде Алматыда тұратын ағасы С.Рамазанұлы, сыныптастары, достары, туған ауылы - Ақсуаттың тұрғындары қатысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, өмірде артына өшпес із, өлмейтін сөз қалдырған өнер жүлдызы көзі тірі болса биыл 70 жасқа толар еді, – дейді шараның ұйымдастырушысы.

Айта кетейік, Күршім ауданында бүгінде Уәйіс Сұлтанғазин атына көше берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив