KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Семейде "Дариға-ай" театрының негізін қалаушы Ақпаралы Айтыбаевты еске алды

5.02.2013, 18:00 205


Семей қаласында «Дариға-ай» жастар театрының негізін қалаушы , тұңғыш режиссері мен көркемдік жетекшісі Ақпаралы Айтыбаевты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл кешті көрнекті мәдениет қызметкерінің әріптестері мен достары оның дүниеден өткеніне 5 жыл толуына орай ұйымдастырған. «Арманы асқақ ер» атты кешке Ақпаралы Айтыбаевтың ұстаздары, белгілі өнер қайраткерлері, қала жұртшылығы мен студенттер жиналды.

«Дариға-ай» жастар театры Семей қаласында 1999 жылы құрылды. Оның ашылуына жас артистердің халық артисі Маман Байсеркеұлы мен театр сыншысы Әшірбек Сығайдың қолдауымен қойған Мольердің «Сараң» пьесасы түрткі болды. Ақпаралы Айтыбаев осы шығарманың қоюшы режиссері болды.


Ақпаралы Айтыбаевтың тәлім-тәрбиесін алған жас артистердің есімдері бүгін Семей қаласынан тысқары жерлерге де жақсы таныс. Олар өздерінің ұстаздары жайлы әлі күнге дейін ыстық ықыласпен еске алады.

-Өмірде өз көзқарасымен басқаларға жағымды әсер ететін адамдар кездеседі.
Мен Ақпаралы ағамен 1998 жылы таныстым. Ол кісі бізге колледжде үш жыл дәріс берді. Одан кейін біз бірге қызмет істедік. Ол кісі тек өнердегі тәлімгерім ғана емес, өмірде де көп нәрсені үйретті,- дейді белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов.

А.Айтыбаева оншақты қойылымды сахналап кетті. Олардың арасында «Геростратты ұмыту», «Әпке», «Пай-пай жас жұбайлар» және басқа да спектакльдер бар. Ақпаралы Айтыбаев театр өнерінің өркендеуіне орасан үлес қосты.


Шығармашылық кештің соңында жастар театры «Ромео и Джульетта» спектаклін сахналады.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив