KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

"Саяси оңбағандық деп санаймын" - Әміржан Қосанов (ВИДЕО)

10.06.2019, 04:34 157

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митингтерге қатысты Президентікке үміткерлердің бірі пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Құрметті қазақстандықтар! Менің бүгін шұғыл эфирге шығып тұруымның бір себебі бар. Астана және Алматы қаласында шетелде жүрген біраз псеводооппозиционерлердің шақыруымен байкот идеясын қолдаушылардың толқуы болды. Бұл үлкен резонанс туғызды. Рұқсат етілмеген және сайлау күні өтіп жатқан акция болғандықтан бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдар өз позициясын айқын көрсетті. Осыған байланысты менің мәлімдеме жасағым келеді. Біріншіден, Қазақстан қазір жауапты кезеңнің алдында тұр, сондықтан шетелде жүріп, кафеде кофе ішіп отырып, елді осындай отқа итермелеу – сайлау кезіндегі сайлау құқын пайдалану процессіне өзінің зиянын келтіру. Әрбір азаматтың Конституциялық құқығын пайдалануының орнына алдын ала жазалайтынын, алдына ала оның заңсыз болып табылатынын біліп отырып, сондай іс-шараға итермелеу – барып тұрған саяси арандату, саяси оңбағандық деп санаймын. Бұл оқиғаға жастар араласып кетті, яғни псевдодемократиялық, псеводооппозициялық идеяны ұстанып, алданып жатыр олар. Сондықтан мен айтар едім, отқа итермелеудің артында арам ой, арам пиғыл жатыр, – деді «Ұлт тағдыры» қозғалысының мүшесі Әміржан Қосанов.

Айта кетейік, exit poll-дың болжамы бойынша Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу