KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 0,4 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Сайлау – 2019. Өскеменде қалай өтіп жатыр?

9.06.2019, 05:16 86

Кезектен тыс Президент сайлауына Өскемен халқы белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Сайлауға қатысушылардың барлығының бағдарламасын оқып, танысып шықтым. Солардың ішінде көңілім толған бір үміткер бар. Соған дауыс бердім. Сайлауға алғаш қатысып тұрғандықтан қобалжығаным да рас, – дейді 18 жасқа толып, ел ертеңі үшін жауапты шешім қабылдап тұрған Тоғжан Нұртасова.

Тұңғыш рет дауыс бергелі тұрған жастардың толқынысты күй кешері анық қой. Десе де мұндай толқу ересектерге де тән.

– Жалаң аяқ, жалаң бас жүріп, қиыншылықтың талайын көргенбіз. Ондай күнді енді жастардың тәлейіне жазбасын. Заман түзеліп келеді ғой, соған сай ел бастаушы көсем кім болса да, ниеті оңы, сөзі жөні болсын. Ел аман,. жұрт тыныш болсын! – деп батасын берді 80 жастағы Асылхан Шәкеров. Әнеки, үлкендердің алаңы не, арманы қандай дейсіз?!

№79 сайлау учаскесінде сайлау науқанының жай-күйі осындай.

Айта кету керек, қаладағы әрбір сайлау учаскесінің жанында халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері отыр. Олар қандай да бір себеппен тізімделмей қалған қатысушылардың мекенжай анықтамасын дереу шығарып беріп, сайлауға қатысуына мүмкіншілік жасауда.

Ал әрбір бекеттің алдында белсенді жастар әуелетіп ән салып, ағайынға жар салып, сайлауға қатысуға шақыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив