Өскемендегі әр трамвайға үш бейнекамера орнатылады
Өскеменнің трамвайларына үш-үштен бейнебақылау орнатылады. Біріншісі – трамвайдың алдын, яғни жолды, ал қалған екеуі – көліктің ішін түсіреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Біріншіден, ұрлықшыларды анықтау, екіншіден, жүргізуші мен кондуктордың жүргіншілермен қалай байланысқа түсетінін бақылау, үшіншіден, жол-көлік оқиғасы кезінде мән-жайды анықтау – біздің мақсат, – деді Транспорт компаниясы төрағасының міндетін атқарушы Михаил Чайка.
Оқи отырыңыз