KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Даниал Ахметов семейліктерді жеке мәселелері бойынша қабылдады

1.06.2019, 07:42 187

Облыс басшысының қабылдауына келген Семей қаласының тұрғындары түрлі салалар бойынша мұң-мұқтаждарын айтты. Шешілмей қалған, жауапсыз қалған бірде-бір сұрақ болмады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Даниал Кенжетайұлы барлық сұрақтарға өзі жауап беріп, тиісті басқарма, бөлім салаларына тапсырмаларын берді. Кейбір тұстарда өзі барып, арнайы назарға алатындығын да айтты.

Қала тұрғыны Ольга Петровская  полигоннан зардап шеккен тұрғындарына көмек жасалса деген өтініш айтты. Облыс басшысы бұл сұрақтың  сұрақтар міндетті түрде қаралатынын жеткізді.

​ ​ ​ ​ -Мынау біздің ауылдың картасы,-деді келесі кезекте қабылдауға кірген Қалияс Жұмабаев,- Бесқарағай ауданына қараймыз. Бөденелі деген ауыл.Шағанның арғы жағы, Курчатовтың бергі жағы. Ертіс өзенінің солтүстік жағында орналасқанбыз. Біздің ауылдың қасіреті Бесқарағай ауданының орталығы Борасқа жету үшін 300-400 шақырым айналып өтуіміз керек.

​ ​ ​ - Сонда сіздерге қай аудан орталығы керек?-деп сұрады облыс әкімі Даниал Ахметов,-Курчатов қаласы ма, Бесқарағай ауданы ма? Қайсысы жақын? Әлде Шаған ба? Көтеріп отырған сұрағыңыз өте орынды.

​ ​ ​ ​ -Бізге Курчатов керек, ауылымызға небәрі 50 шақырымда орналасқан. Оның үстіне ауылдың атын Бөдене деп жазып жүр, негізінде Бөденелі. Осыған да көмектессеңіз.​

​ ​ ​ ​ ​ -Курчатов қаласына қарау мәселесі шешіледі,-деді Даниал Кенжетайұлы,-ал, бірақ, жергілікті атау Бөдене ме, Бөденелі ме, оны нақты құжаттарды көтеріп, тиісті сала мамандары анықтайтын болады. Бұл мәселеге ат-үсті қарай алмаймыз. Содан кейін шешім шығарамыз.

​ ​ Облыс әкіміне тағы басқа да көптеген сауалдар, өтініштер айтып тұрғындар үсті-үстіне​ кіріп жатты. Айтылған мәселелердің барлығына облыс басшысы нақты жауап беріп, назардан тыс қалған мәселе қалдырмады. Әр сенбі сайын халықты қабылдап отыруды жөн көрген облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының тұрғындарын қабылдау жалғасын таба беретіндігін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу