Жұмыс істейтін оқушылардың еңбекақысы қанша теңге болуға тиіс?
Жаз басталса оқушылар да жұмыс істеуге асығады. Бұл мәселе заңда қарастырылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Кәмелетке толмаған балалар, ата-анасының рұқсатымен, күніне 4 сағат қана жұмыс істеуі керек. Ал 18 жастағылар 8 сағат. Айына 35 мыңнан 65 мыңға дейін еңбекақы алуға тиіс олар, – деді Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов.
Оның айтуынша, жұмыс беруші тарапынан қандай да бір оғаш қылықтар болып, бала құқығы тапталған жағдайда 111 телефон нөміріне хабарлап айту керек.
Оқи отырыңыз