«GGG-ге әйгілі Аарон Прайордың стиліне көшу керек». Бокс сарапшылары Головкинге кеңес берді
Boxingnews24 порталы өзінің кезекті мақаласында Сауль Альварестың осал тұстарына тілге тиек етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш материалдың GGG үшін де маңызды екені даусыз. Себебі білікті бокс сарпшылары кеңес беріп отыр.
– Қарсылас жылдам боксқа көшкенде Саульдің сасып қалатынын анда-санда байқап жүрміз. Головкин әйгілі Аарон Прайордың стилін ұстануы керек. Егер Геннадий американдық боксшы секілді үсті-үстіне соққы жаудыра берсе, «Канелоны» тығырыққа тірер еді. Себебі, мексикалық былғары қолғап шебері кездесудің тұтас бір жылдамдықта өткенін қалайды. Неге екені белгісіз, Альварестің қарсыластары тізгінді қолға алып, белсенді бокстасудан қорқады. Егер GGG осы айтқандарымызды ескерсе, жеңіске жетуге зор мүмкіндік алар еді, – деп жазды Boxingnews24 порталы.