БҰҰ сарапшысы Қазақстанда интернет бұғатталғанына алаңдайды
БҰҰ-ның терроризммен күрес кезінде адамдардың құқығын қорғау ісі бойынша арнайы сарапшысы Фионнуала Ни Аолэйн Қазақстанда интернеттің бұғатталғанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
БҰҰ өкілі командасымен бірге Қазақстандағы интернет бұғатталғанына куә болған екен. Дәлірек айтсақ, ол бұл туралы ол 17 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.
— Сайттар мен стрим-сервистер бұғатталды. Бұны қауіпсіздік шарасы деп ақтап шығуы мүмкін. Бейбіт жиын өткізу, ойын ашық айту халықаралық құқықтармен қорғалады. «Бұл қауіпсіздік шарасы» деп адамдардың бейбіт жиналуына, ойын ашық айтуға шектеу қойғаны бізді алаңдатады, – дейді БҰҰ сарапшысы Фионнула Ни Аолэйн.