KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Анализ тапсыру уақытын 12-ге дейін ұзарту керек - басқарма басшысы

16.05.2019, 06:02 160

«Дидар» газеті, «Алтай» телеарнасы және «Алтайньюс» ақпараттық сайтының тілшілер облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанмен сұхбаттасты. Бағдарлама қонағы аймақ медицинасы мен дәрігерлердің жағдайына қатысты және мамандардың еңбекақысы мен шеберлігіне байланысты , өзі айтқандай, тілшілер қойған «ыңғайсыз» сұрақтарға жауап берді.

«Алтай» телеарнасының тілшісі Меруерт Расулова: Басшылық қызметке енді ғана кірістіңіз. Қандай мәселемен бетпе-бет келіп үлгердіңіз?

– Ең бірінші ауруханалардың жағдайын жақсартуымыз керек. Заманға сай жабдықтап, ғимараттарды жөндеуден өткізбесе болмайды. Екінші дәрігерлер мен емделушінің бір-біріне деген көзқарасын дұрыстамасақ болмайды. Осыдан 20 жыл бұрын дәрігерлер сыйлы еді. Өкінішке қарай қазір оларға деген көзқарас басқа. Бұған дәрігердің де, тұтынушының да жаңа заманның өзгерістерін түсінбеуі себеп. Біз екі жақтың бір-біріне деген көзқарасын жақсарту үшін шетелде іске асырылып жатқан «ауруханалық сервис» деген жүйені енгізуіміз керек деп есептеймін. Мысалы, біздің ауруханаларда «анализді сағат сегіз бен 10-ның арасында тапсыруға болады» деген жазу тұрады. Неге? Неге оны сағат жеті мен 12-нің аралығына дейін ұзартпасқа? Бұл қиын емес қой. Алғашқы сағатта анализ өткізуге жұмысы 9-да басталатын қызметкерлер жазылсын дейік. Екінші сағатта ана мен балалар, одан кейін асықпай зейнеткерлер келсін. Бас дәрігердің осылайша халықтың ыңғайына қарай кезек ретін жөндеуі әбден қажет-ақ. Сонда лоборатория, ультрадыбыстық зерттеу – емхананың тағы басқа да күштері халыққа бағытталады. Бұл жүйені жүзеге асыруға ешқандай қаражаттың қажеті жоқ

Сұхбатты ықшамдап жазып алған - Тасқын Болатұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу