KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде таксистерге автовокзалдың жанынан қайта «яма» ашылды

18.03.2019, 06:59 197

 

Өскемен тұрғындары қала және ауданаралық таксистердің автовокзал маңын «басып» алғанына шағымдануда. Кейбіреулері Красин көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы шағын алаңқайды тұрақ ретінде пайдаланып жүр. Енді бұл тұсқа бетоннан блок қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Красин-Абай қиылысындағы бос орында күн жылыған соң абаттандыру жұмыстары жүргізілмек екен: аула тазартылып, орындықтар қойылып, демалатын орын жасалуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желіде өткізген тікелей эфир барысында мәлімдеді.

 

Ал таксистер үшін автовокзалдың жанынан қайта «яма» ашылатын болды. Алайда оларға бір талап қойылмақ.  Бұл жерге контейнерлер орнатылып, қоқыстар мен қалдықтаржы жерге тастауға тыйым салынады.

 

Айта кетсек,  таксистердің тұратын үйреншікті жері өткен жылы қыркүйек айында жабылып, ол жер 206 және 256 нөмірлі автобустардың аялдамасына айналған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив