KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да бір тәулікте 8 адам иіс тиіп уланды

18.03.2019, 06:06 141

 

Шығыс Қазақстан бір тәулік ішінде 8 адам иіс тиіп уланған екен. Оған пештің жарылуы мен түтіндігінің тазартылмауы себеп болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Зардап шеккендердің барлығы қазір дәрігерлердің қарауында. Арасында Шемонаиха ауданынан 90 жастағы зейнеткер бар.

 

 Тағы екі жағдай Семей қаласының Восточный кентінде болған. Сол күні алдымен бір отбасының үш адамы ауруханаға иіс тиіп келген, бірнеше сағаттан кейін екі жас жігіт дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

 

Ұқсас оқиға Өскемен қаласында да болып отыр. Мұнда түтіндіктің тазаланбауының салдарынан 47 жастағы әйел адам мен оның 20 жастағы ұлы иіс тиіп уланыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив