KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 5 м/с, С
441.44 473.09 4.75

«Алтай» рекорд жаңартты

15.03.2019, 09:24 143

 

Петропавлда мәресіне жеткен волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінің бесінші тур ойындары қорытындысы бойынша өскемендік ұжым қоржынындағы ұпайлар санын 99-ға дейін жеткізді.

 

«Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бір ұпайға артық. Өткен жылғы чемпионаттың бес турынан кейін «Алтайдың» еншісінде 98 ұпай бар болатын», – деп хабарлайды өскемендік клубтың баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік, биылғы біріншілікте барлығы 35 кездесу өткізген «Алтай» әзірге жеке-дара көш бастап тұр. Жерлестеріміз екінші орында келе жатқан талдықорғандық «Жетісудан» 10 ұпай алда. Петропавлда өскемендік волейболшылар жеті ойынның түгелін өз пайдасына аяқтады. Әсіресе алтайлықтардың негізгі қарсыластары саналатын «Жетісумен» (3:2) және «Ертіс-Қазхроммен» (3:0) өткен ойындардың нәтижелер атап өтуге тұрарлық.

 

Тағы бір өскемендік команда «Алтай-2» қыздары әзірге 58 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысында орналасуда.

 

Енді жерлестеріміз сәл тынығып алып, сәуірде Талдықорғанда өтетін ел біріншілігінің плей-офф кезеңіне дайындықтарын бастамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив