KZ
Өскемен
+9°
ясно Штиль
443.44 480.51 4.88

«Жетісуға» Юнеска да көмектесе алмады

7.02.2019, 03:27 159

Өскеменде өтіп жатқан волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінің төртінші тур ойындары аясында кеше жарыс фавориттері «Алтай» мен «Жетісу» кездесті.


Осыдан бірнеше апта бұрын Қарағандыда өткен чемпионаттың үшінші турында талдықорғандық волейболшылар алтайлықтардан 3:2 есебімен басым түскен болатын. Сол есені ел чемпиондары кеше қайтарды. Төрт партияға созылған кездесу 3:1 (25:11, 22:25, 25:22, 25:21) есебімен өскемендік ұжымның пайдасына аяқталды. Бұл ойында «Жетісу» сапында «Алтайдың» экс-ойыншысы Юнеска Роблес Батиста өнер көрсеткен-ді. Алайда, талдықорғандық команданы тәжірибелі кубалық волейболшы да жеңілістен құтқара алмады. Енді турнир кестесінің бірінші және екінші орындарында тұрған қос ұжым арасын 11 ұпай бөліп тұр.


Тағы бір айта кетер жайт, бұл ойынды Жекпе-жек сарайына жиналған жанкүйер қауыммен бірге облыс әкімі Даниал Ахметов те тамашалады. Матчтан кейін аймақ басшысы Жетісумен» кездесудің қарсаңында ғана 60 жасқа толған «Алтайдың» бас бапкері Юрий Панченконы мерейтойымен құттықтап, оған естелік сыйлық табыс етті.


Бұл күні, сонымен қатар «Алтай-2» волейболшылары 3:2 (партиялардағы есеп 25:22, 23:25, 22:25, 25:17, 15:13) есебімен «Қуанышты» (Петропавл) тізе бүктірсе, «Алматы» «Қарағандыдан» (3:0), ал «Ертіс-Қазхром» «Астанадан» (3:1) басым түсті.

Бүгін «Алтай» тағы бір азулы қарсылас павлодарлық «Ертіс-Қазхроммен» шеберлік байқасады. Бұл ойын кешкі сағат 19:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив