KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

1 түн – 4 миллион. Наурыз қарсаңындағы ең қымбат бес қонақ үй

15.03.2019, 04:55 230

 

Қазақстанда мейрам қарсаңында авиабилеттер мен қонақ үйлердің бағасы өсуде. Алайда кейбір саяхатшылар үшін ақша маңызды емес. Жақсы демалыс үшін жанқалтасынан миллиондаған қаражат жұмсауға әзір. Aviasales туристік сарапшылары еліміздегі ең қымбат бес қонақ үйді анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

5-ші орын: Астанадағы Radisson қонақ үйі. «Роял» люксінде наурыз қарсаңында бір тәулік түнеу үшін бір миллион теңге төлеу керек.

 

4-ші орын: «Hilton Astana» қонақ үйі.  Президенттік люкс тәулігіне 1,2 миллион теңге тұрады.

 

3-орын: Шымқаладағы Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінің Президенттік люксінде 2,7 миллион теңге төлеп, бір тәулік тұрақтауға болады.

 

2-ші орын: Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйі – 3 миллион теңге.

 

1-ші орын: Ең қымбат қонақ үй – Астанадағы The Ritz-Carlton. Бұл ғажайып мекенге бір қонып шығу үшін – 4 миллион теңге төлеуге тура келеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив