Өскеменде Халықаралық әйелдер күнін қалай атап өтеді?
Өскеменде 7-8 наурыз күндері нәзік жандыларға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
7 мамыр күні Металлургтер мәдениет сарайында «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шараның бағдарламасында – белгілі суретшілер мен зергерлік салондар өкілдерінің қатысуымен сурет, зергерлік бұйымдар, сәндік-қолданбалы өнер кәдесыйлар көрмелері, аспаздық өнімдердің дегустациясы, белгілі Mua және Hair стилистерінің мастер-класы, қаладағы белгілі ательеден шыққан сәнді киім үлгілерін көрсету, қатысушы әйелдер арасында ойындар мен сайыстар ұйымдастырылады. Басталуы – сағат 15.00.
7 және 8 наурызда күндері қоғамдық орындарда, аялдамаларда дәстүрлі гүл сыйлау акциясы өтеді.
Облыстық драма театры бірнеше спектакль дайындап отыр:
8 наурызда сағат 11.00-де «Сенімді дос» комедиясы, 14.00-де - «Ба» комедиясы, 18.30-да - «Бикештер» музыкалық комедиясы.
9 наурызда балаларға арналған спектакльдер көрсетіледі: сағат 11.00-де - «Бала арманы», 12.00-де - «Братец Лис и Братец Кролик».
Сол күні сағат 17.00-де ересектерге арналған спектакль - «Тетка Чарлея».
Сондай-ақ, 8 наурыз күні әйелдер үшін трамваймен жүру тегін болмақ.