Өскеменде ауласын қардан тазартпаған тұрғындарға айыппұл салынады
Қалалық ТЖ басқармасының мамандары қала әкімдігінің аумақтық басқару орталық өкілдері және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қар тазарту бойынша рейд жүргізді. Рейд барысында ауласын қар алып қалған тұрғындарға ескерту жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Үйінің ауласы мен іргелес аумақтарды қар, мұз бен қоқыстан тазартпаған тұрғындарға қатысты әкімшілік шара қолдану қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Осы жолғы рейдтің негізгі мақсаты тұрғындарды алдын ала ескерту болатын. Ескертуге құлақ аспағандарға енді шара қолданылмақ.
Оқи отырыңыз