Өскеменде автокөлік баннерді құлатып кетті
Өскеменнің Абай даңғылындағы жарнама құрылымды автокөлік жүргізушісі құлатып кетті. Салдарынан полиция қызметкерлеріне даңғылдағы көлік қозғалысына шектеу қоюға тура келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Suzuki автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, баннерге соғылған екен.
Жолдағы кедергіні жою үшін арнайы мамандар баннерді жедел түрде демонтаж жасады.
Оқи отырыңыз