KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Кәріз қақпақтарына датчиктер орнатыла бастады

4.03.2019, 04:09 108

Елордада кәріз құдығының шойын қақпағы себепсіз ашылған жағдайда жауапты қызметке бірден хабар беретін датчиктер орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана Innovations» АҚ-тың Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

 

«Бір апта бұрын «Ақылды аудан» аумағында «Waviot Asia» және «Астана Су арнасымен» бірге кәріз шойын қақпағының ішкі бөлігіне бекітілетін датчикті орнаттық. Бұл ретте дәл балалар алаңының жанында орнатылған люкты таңдап алдық. Шойын қақпаққа датчикті орнату барысында жақын жерде балалар сырғанақ теуіп жүрді», - деп жазады компанияның өкілі.

 

Хабарланып отырғандай, датчиктің жұмыс істеу тәртібі қарапайым: егер люктың қақпағы себепсіз ашылатын болса, бұл жағдай туралы хабарлама бірден сол аумаққа жауапты қызметке жолданып, люкты міндетті түрде жабу керектігі ескертіледі. Яғни, қосымшада люктың геолокациясымен бірге хабарлама келеді. Осыдан кейін жақын маңдағы темір қабылдайтын орындар тексерілмек. Қақпақты қайта-қайта тексерудің қажеті жоқ. Егер қақпақ жұмысқа қатысты ашылатын қосымшада бұл туралы да хабарланады. Қызметтердің міндеті - оқиға орнына адамдарды жіберіп, адамдардың құдыққа құлап кетпеуін қадағалау және ашық қалған құдықты жабу болмақ.

 

«Қосымша кез келген аумақтың қауіпсіздігіне мүдделі адамдарға: күзетшілер мен мектеп, балабақша директорларына, ПИК төрағалары мен тұрғындарға қол жетімді. Хабарлама бірден келетіндіктен, шойын қақпақты ұрлағандарды ұстау жеңіл болмақ. Аталған шешім адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызметтердің уақтылы әрекет етуін қамтамасыз етеді. Датчикті қолдану бойынша аталмыш технология ұрыларды ұстау мәселесін шешпейді, яғни GPS арқылы оның қайда қашқанын көрсетпейді. Бірақ, азаматтардың, біздің балалардың қауіпсіздігін сақтау үлкен мәселесі шеше алады», - делінген хабарламада.

 

 Астана Innovations компаниясының хабарлауынша, қаланың барлық люктарына мұндай технологияны орнату - бюджетке айтарлықтай шығын болмақ. Сол себепті, ең алдымен, әлеуметтік нысандар - мектептер мен ауруханалар, балабақшалар мен балалар көп жиналатын орындар назарға алынбақ.

 

 Еске сала кетсек, өткен айда Астанада бірнеше күннен бері іздестірілген оқушы бала құдықтан өлі күйінде табылған болатын.  Осы жағдай елордада біршама резонанс туғызып, еріктілер ашық қалған құдықтардың бетін өз күштерімен жаба бастады. Оқушының өліміне қатысты сондай-ақ елорда әкімі жауапты тұлғаларға сөгіс жариялаған болатын.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив