KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.89 527.03 5.71

Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады

28.11.2022, 10:46 317 Оразай Жеңісұлы

Полиция Алматы-Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, деп хабарлайды тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.

Бұдан әрі 410-шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

«Сондай-ақ, температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті», - деп жазылған полицияның хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу