ШҚО-ның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сүйенсек, сенбі күні 13 қалада ауа сапасы нашарлайды.
Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Петропавл және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Оқи отырыңыз