KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, В
498.69 522.23 5.79

Қаңтар оқиғасында 1466 ғимаратқа шабуыл жасалған

5.01.2023, 16:09 374 Ләззат Қанатқызы

Бір жыл бұрын елімізде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 1466 ғимаратқа шабуыл жасалған.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жалпы ел бойынша 1 466 ғимаратқа шабуыл жасалды. Оның ішінде 1 395 – бизнес нысаны, 71 – мемлекеттік мекеме (44 – ІІБ) бар. Сондай-ақ 1700 азамат зардап шеккен. Бизнес субъектілеріне келтірілген залал 100 млрд теңгені құрады.

- Полиция күштері қарулы топтардың шабуылына ұшырап, инфрақұрылымға зақым келтіргендіктен, бүкіл Алматы бойынша қылмыскерлер жаппай ойран мен тонауға кірісті. Мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының ғимараттары, банк терминалдары мен ақша айырбастау орындары тоналды. Тонау тек Алматыда ғана болған жоқ. Жалпы ел бойынша 1 466 ғимаратқа шабуыл жасалды., - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу