ШҚО-да 12 адам қар құрсауынан құтқарылды

шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қалың қардың құрсауында қалған 12 шетел азаматын эвакуациялады.
Жолаушылардың арасында екі бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» тасжолында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары «ТРЭКОЛ» деген көлікпен қарды бұзып, жол ашты. Жолаушылар Шемонаихадағы қонақүйге орналастырылды.
Төтенше қызмет өкілдері қазір өңірде 15 жол жабық екенін хабарлады.
«Ауа райы тұрақталғанша сапарға шықпаған абзал. Тәуекел етемін деп, өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз! 6 қаңтарда облыс бойынша ескерту жарияланды: боран соғып, көктайғақ болады», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.