ШҚО-да дәрігерлер науқасқа арнайы техникамен жетті

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер науқасқа құтқарушылардың «Кунг» деп аталатын техникасымен жетті.
Зайсан ауданындағы Ашалы елді мекенінің тұрғынына шұғыл көмек қажет болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ауылға жол болмағандықтан, құтқару қызметіне жүгінуге тура келді.
«25-ӨСБ қызметкерлері «Кунг» автокөлігімен дәрігерлерді межелі жерге жеткізді. Науқасқа әуелі алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Оқи отырыңыз