Өскемен тұрғыны жылдам пәтер аламын деп 7 млн теңге жоғалтты

шартты сурет
Өскемен қаласының 34 жастағы тұрғыны жылдам пәтер алу үшін танысына 7 миллион теңге берген.
Алайда алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жәбірленушінің шағымынан кейін тәріп сақшылары күдіктіні ұстады. Облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны өз кінәсін жоққа шығармады.
«Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы екі алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды», - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз