KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, З
492.14 528.85 5.01

Өскемендік студент автоматтандырылған қоқыс сұрыптау кешенін ойлап тапты

13.01.2023, 10:04 352 Оразай Жеңісұлы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің магистранты күн мен жел энергиясының көмегімен жұмыс істейтін қоқыс сұрыптау кешенінің жобасын жасады.

Жоба Қытай аналогы бойынша әзірленген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Идея мынандай: жағымсыз иіс болмау үшін тамақ қалдықтары тасталатын контейнерлерді желдету жүйесімен бірге шығару. Кешен күн, жел және жаңбыр энергиясымен жұмыс істейді.

Жоба авторы Дәулетбек Ағызам қоқыс сұрыптау кешенінің жұмысын толық зерттеу үшін Қытайға баруды жоспарлап отырған көрінеді.

«Идея бар, ынта бар. Енді жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетсе болды», - дейді магистрант.

Өскемендік студенттің жобасы Түркиядағы халықаралық STEM фестивалінде таныстырылғанын айта кетуіміз керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив