Риддер әкімі ЖЭО-дағы өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды

Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой жылу электр орталығында өрт шыққаны туралы ақпартты жоққа шығарды.
Кеше әлеуметтік желі беттерінде Риддер жылу электр орталығынан қою қара түтін шығып жатқан видео пайда болып, желі қолданушылары кәсіпорыннан тағы өрт шыққанын жаза бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алайда, қала әкімі Дмитрий Горьковой бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Оның айтуынша, жанар-жағармай трактында шаңның жиналуынан болатын шығарындыларға байланысты қара түтін пайда болған көрінеді.
- Қала тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Қазір орталықтағы екі қазандық қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, біреуі жөнделуде, тағы екеуі жөндеуге шығарылды, - дейді қала әкімі.
Оқи отырыңыз