Облыс әкімі басқарма өкілдеріне тапсырма берді
Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер мен дәрігерлерге де «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша баспана беріледі.
Бұл туралы басқарма басшыларымен және қала-аудан әкімдерімен кездесу өткізген өңір басшысы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдеріне ауылдық елді мекендер бөлінісінде осы салалардың мамандарына қажеттілікті талдауды тапсырдым, олар үшін де «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша тұрғын үй беріледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 36 жаңа медициналық мекеме пайда болатын ауылдарда үйлер салатын боламыз», – деп жазды облыс әкімі ресми парақшасына.
Сондай-ақ, аймақ басшысы, ауылдық елді мекендерді интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу жалғасып жатқанын атап өтті. Биыл 73 елді мекенге желі тартылады, антенна-діңгек құрылыстарын орнатуға қаражат бөлінген.
Оқи отырыңыз