KZ
Өскемен
+23°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

Ринат Зайытов ұшаққа домбырамен кіруге рұқсат беруді талап етті

Фото: smi24.kz

5.06.2023, 17:45 230 Оразай Жеңісұлы

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет сағатында әуе компанияларынан ұшақ бортына қазақтың ұлттық аспаптарын алып кіруге рұқсат беруді талап етті.

Рұқсат берілмеген жағдайда Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашы шақырып, «Адай» күйін ойнатуды ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатқан сияқты. Домбыра – тек ағаштан жасалатын аспап, құрамында металл жоқ. Яғни ешқандай зияны жоқ аспап. Бұл мәселе бойынша әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Осы мәселені шешіп беріңіздер. Қазақтың ұлттық аспаптарын ұшаққа кіргізуге рұқсат берілсін», – деді Ринат Зайытов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив