Шығыс өңірі Абайға алғашқы болып көмек қолын созды
Шығысқазақстандықтар алапат өртпен арпалысып жатқан Абай облысына бірінші болып көмек қолын созды.
«Жақсылық жаса!» ұйымының еріктілері арнайы шот ашты. Көрші өңірдегі жағдайға бейжай қарамайтын кез келген аймақ тұрғыны қал-қадірінше қаражат аударып, қолдау көрсете алады. Еріктілер шот ашылғаннан кейін аз уақыт ішінде үш жүз мыңнан астам теңге жиналғанын атап өтті.
Шығыс өңірінен Абай жеріне су төгетін қондырғылармен жабдықталған тікұшақтар да көтерілді. Әрі-беріден кейін, табиғат пен тірішілік иесіне түгел қауіп төндірген тілсіз жауды «тоқтату» ортақ міндетіміз екені де рас. Қазіргі уақытта өңірден аттанған құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, жұмыла әрекет етіп жатыр. Шығыстан арнайы техникалар да қозғалды. Еріктілер түрлі өнімдер мен дәрі-дәрмектерді сәт сайын жөнелтіп жатыр.