Риддерде мектепті дендросаябақ ішіне салу шешімі дау туғызды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында дендропарк ішінен салынатын мектеп құрылысына қатысты дау шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті табиғат жанашырлары бұл саябақтың оталуына үзілді-кесілді қарсы, өйткені ол жерде сирек кездесетін ағаштар бар. Ал әкімдік өкілдері осыдан ыңғайлы аумақ жоқ деп отыр. Оның үстіне, құрылыс 15 гектар саябақтың бестен бірін ғана қамтиды дейді. Ал аталған ауданға білім беру мекемесі ауадай қажет. Себебі бала саны жыл сайын артып, мұндағы жалғыз мектепке сыймай жатыр.
"Бізге, осы жетінші ауданға мектеп керек. Мысалы, менің үш қызым мектепке үш түрлі уақытта барады, алайда ресми түрде екі ауысымды болып саналады, бірақ үш түрлі уақытта оқып жатыр. Кабинет жетпегендіктен, балаларымыз қосымша сабақтарға да бара алмайды", - дейді бес баланың анасы Ақмарал Бейбітханова.