KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

Шығыста туризмді дамыту мәселесі талқыланды

22.06.2023, 16:19 338 Оразай Жеңісұлы

Катонқарағай, Алтай, Самар аудандарында және Риддер қаласында туризмді дамытуға байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Партияның сайлауалды бағдарламасында басымдық берілген бір бағыт – ол осы ішкі туризмді дамыту мәселесі. Өңірімізде туристерді тартуға қолайлы көріктті орындар жоқ емес. Сондықтан осы саладағы жұмыстарды жүйелі әрі сапалы жүргізу маңызды. Атқарылған жұмыстар мен кейбір кемшіліктер бойынша кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтатын болады. Жалпы, осы саладағы мәселелерді депутаттармен қатар кеңес мүшелері де бақылауда ұстайтын болады», – деді Өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы Ренат Оразбаев.

Жиында өңірдің туристік саласында оң серпін бар екені айтылды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов 2023 жылдың алғашқы бес айында аталмыш саланың негізгі капиталына 7,4 млрд теңге инвестицияланғанын айтты.

«Туризмді дамыту мақсатында облыс әкімдігі Алтай, Самар, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Қазіргі таңда Алтай ауданы бойынша 2025 жылға дейін орындалуы тиіс іс-шараның нақты жоспары дайын деуге болады. Ал Катонқарағай ауданында эко-, этномедициналық туризмді дамытуды қолға алу жоспарлануда», – деді Марат Қабақов.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу