KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскемен: 144 пәтердің кілті табысталды

Сурет: Аяужан Утеулинова

27.06.2023, 15:36 266 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында жыл басынан бері 110,4 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді.

Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 114,6 пайызға жоғары. Былтыр бұл кезеңде облыс орталығында 96,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Биыл алғашқы жартыжылдықта берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы 110,4 мың шаршы метр: көппәтерлі тұрғын үй – 89,7 мың, жеке тұрғы үй қоры – 20,7 мың шаршы метр. Бұл дегеніміз – 760 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй және 200-ге жуық жер үй. Жалпы, жыл соңына дейін 177,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, қала басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға Нұрлы жол шағын ауданындағы қос көпқабатты үйден 144 пәтердің кілті табысталды.

«Баспаналы болғандардың ішінде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар да, көпбалалы аналар да, жетім балалар да бар», – деп нақтылады облыс орталығының әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу