Биыл Меккеде 1,8 млн адам қажылық парызын өтеді
Фото: kznews.kz
Биыл елімізде Меккеге қажылық парызын өтеу үшін 4 мың тұрғын аттанған.
Сауд Арабиясында қажылық аяқталды. Мінәжат етушілердің соңғы жоралғыларының бірі Меккеден шығысқа қарай орналасқан Мина алқабында шайтанға тас лақтыру рәсімі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Таң сәріде мыңдаған адам Ибрахим пайғамбардың өмірінен эпизодты қайталау үшін киелі алқапқа бет алды. Құран кітабында жазылғандай, пайғамбар өз ұлын құрбандыққа шалуға көндірмек болған шайтанды таспен атып, айналасынан қуған.
Кейін жамағат Әл-Харам мешітінің ішкі ауласындағы Қағбаны тағы бір айналып шықты.
Корольдік билігінің мәліметінше, биыл қажылыққа 1,8 млн адам келді, олардың дені – шетелдіктер. Бұған дейінгі рекорд пандемияға дейін болған еді: 2019 жылы қажы дәрежесін 2,5 млн мұсылман алды.