ШҚО: Республикалық трассалардың бірінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданына барып, маңызды мәселелердің біріне айналған "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" республикалық трассасының жөндеу барысымен танысты.
Аймақ басшысының айтуынша, шынымен, жолдың жағдайы мәз емес, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Қазавтожол" мамандары қазіргі күні жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Десе де, Уба өзені арқылы көпір салу мәселесі өткір күйінде қалып отыр.
– Бұл нысанның транзиттік аймақ үшін маңызы жоғары. Әзірге ол талқылау сатысында. Мамандармен бірге қолданыстағы өткелді күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды, ол су астындағы тіректерін, кенептің өзін және көпірдің басқа бөліктерін де қамтитын болады, – дейді Ермек Беделбайұлы.
Сондай-ақ облыс әкімі аудандағы туризмді, шағын және орта бизнесті және экономиканың басқа да секторларын дамытуға назар аудару керектігін атап өтті.
Оқи отырыңыз