KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

Енді мәслихат депутаттары бюджеттік комиссияның жұмысына қатыса алады

Сурет: qazaqstan.tv

3.07.2023, 12:08 264 Оразай Жеңісұлы

Енді мәслихат депутаттары әкімдердің халықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалардың мониторингін жүзеге асыра алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Тіпті әкімдіктердің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қажет болған жағдайда жергілікті қазынаны нақтылауға бастама жасау құқығы болмақ.

«Мәслихат депутаттарының мәртебесі мен дербестігін арттыру үшін мәслихат хатшысының лауазымы мәслихат төрағасы болып қайта құрылды, тұрақты комиссиялар төрағаларының екі лауазымы енгізілді, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру көзделген», – деді министр «Аманат» партиясы атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында.

Бұған қатысты Өскемен қаласы мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай:

– Мәслихат депутаттары бюджет жобасына қатысуға мүмкіндік тууы үлкен жетістік.  Бұрын депутаттар тек бюджетке ұсыныстар айтады, орындау, орындау белгісіз еді. Енді өзұсынысын немесе сол өңірдегі түйткілді мәселелерді нақты жеткізу арқылы өз пікірін өткізіп, халықтың мәселесін шеше алады. Бұл үлкен тетік деуге болады, – деп пікір білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу