KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

АҚШ сарапшысы: Қазақстанның өз "Яндексі" болу керек

Фото: autosoren

5.07.2023, 15:14 290 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанға отандық такси агрегаторы қажет. Steppe Global Education басшысы Джоэл Эриксон осындай мәлімдеме жасады.

Сарапшының айтуынша, сол арқылы Қазақстан Ресейге кететін ақшаны елде қалдыруына болады.

"Алматыда болғаным есімде, такси жүргізушілері әуежайдан орталыққа дейін 60 мың теңге сұрады. Менің шетелдік екенімді білген шығар, бірақ мен Яндексті қолданамын. Менің сұрағым бар – неге Қазақстанда отандық такси агрегаторы жоқ? Бұл жақсы болар еді. Әсіресе Алматы мен Астанада. Егер отандық Яндекс болса, құнның төрттен бір бөлігі Ресейге кетпес еді, ақша осында қалар еді. Оларды электр таксилеріне инвестициялауға болады", – деді Эриксон.

Ол бұл туралы Астанада өтіп жатқан Бауырлас қалалар форумында айтты. Сондай-ақ сарапшы Астана жаяу жүргіншілерге ыңғайлы қала емес деп есептейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу