Қайтарымсыз грант пен субсидияға 28 миллиардтан астам қаржы бөлінді
Фото: Inform.kz
ШҚО-да жастарды, әлеуметтік осал топтағы адамдарды қолдауға және өңірдегі агроөнеркәсіпті дамытуға 27 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингіндк КжИИДБ басшысының м.а. Марат Қабақов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жастарды шағын несиелендіруге жеңілдікті мөлшерлеме бойынша миллиард теңге, әлеуметтік осал санаттағы адамдар үшін өтеусіз 400 АЕК-ке дейін грант беруге 320 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
- Субсидиялау бағдарламалары бойынша агроөнеркәсіпті дамытуға 25 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Екі мыңға жуық кәсіпкер 14 миллиард теңгеге субсидия алды, - деді ШҚО КжИИДБ басшысының м.а. Марат Қабақов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірде бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 22 миллиард теңгеге екі жарым мыңнан астам кәсіпкер жобасы қолдау тапқан. Жаңа бизнес-жобаларға гранттар беру конкурсын қыркүйек айында өткізу жоспарланып отыр.